Ақтөбе облысында иесіз жүрген төрт түлік қамалды

811

Екі мал ұрлығы әшкереленді. 

Ақтөбе облысында иесіз жүрген төрт түлік қамалды

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Шалқар аудандарында "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Өңірде аталған аудандарда қылмыстың бұл түрі жиі тіркеледі, – деп жазды inbusiness тілшісі.

Осылайша, 24-30 маусым аралығында полиция қызметкерлері мал ұрлығының екі дерегін анықтаған. Сондай-ақ, осы аралықта мал және ет өнімдерін тасымалдаған 14 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 6 орын, шаруа қожалықтары, мал бағу нүктелері мен фермалар тексеріліп, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 3 дерек әшкере болады. 

"Анықталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 406 "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасау үшін ветеринарлық қызметке материалдар жолданды", – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, ауылдық учаскелік полиция инспекторлары үй малының қараусыз жайылып жүрген 14 дерегін тіркеген. Олар бойынша 176 бас мал арнайы қораларға қамалған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу