Осы бағытты жүзеге асыру және Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нысан "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынған нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді.
Ауданы 150 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат бір ауысымда 25 келуге арналған. Медициналық пунктті пайдалануға беру ауылдың 300-ден астам тұрғынын сапалы және уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Құрылыс кезінде инклюзивтілікке, қимыл-қозғалысы шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінді.
Медициналық нысанның ашылуы ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартады.
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 5 нысан пайдалануға берілді, алтауының құрылысы жалғасуда.
Қайтарылған активтер қаражатын пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары бүкіл ел бойынша жүргізілуде. 2024-2025 жылдар аралығында денсаулық сақтау нысандарын салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 144,2 млрд теңге бөлінді. Инфрақұрылымды ауқымды жаңарту ауыл тұрғындарын қалаға бармай-ақ сапалы медициналық қызметтер мен тексерулерге қолжетімділікпен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жалпы, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2022-2025 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 620 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылы 392 нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылға қосымша 188 нысанды салу жоспарланған.
Заманауи ауданаралық ауруханалар мен МСАК желісін дамыту ұлт денсаулығының көрсеткіштерін тікелей жақсартты. Осылайша, онкологиялық ауруларды ерте анықтау 3,5%-ға өсіп, 32,6%-ды құрады, ал 60%-дан астамы бастапқы сатысында диагноз қойылады. 23-і аудандық ауруханаларда орналасқан 83 инсульт орталығының жұмысы тромболиз үлесін 6%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жаңа мамандандырылған орталықтардың ашылуы балаларға оңалту көмегінің қолжетімділігін едәуір арттырды.
Медицина инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізді, көрсеткіш 2024 жылдың қорытындысы бойынша 74,2 жасқа ұзарған.