Ақтөбе облысында киіктерді өртеп, қылмысын жасырмақ болғандар қолға түсті

761

Жыл басынан бері киелі жануарларды заңсыз аулауға қатысты 11 дерек тіркелген.

Ақтөбе облысында киіктерді өртеп, қылмысын жасырмақ болғандар қолға түсті

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында киіктерді көлікпен бірге өртеп, қылмысын жасырмақ болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Оқиға 5 желтоқсан күні Шалқардан 260 шақырым жердегі Тассай станциясының аумағында тіркелді. Киік атқан қаскөйлер көлікті өртеп жіберіп, қылмысын жасырмақ болған. Ақбөкенді заңсыз аулағандар Қызылорда облысының тұрғыны екені белгілі болды. Күдіктілер кінәсін оқиға орнында мойындаған.  

"Жер талғамайтын көлік инспекторларға күдікті болып көрінген. Оларға жақындағанда екі күдікті көлікті өртеп, өздері секіріп түскен. Өрт басылған соң полиция қызметкерлері келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Көліктен үш аңшы мылтығы,16 киіктің мүйізі және үш өлексе, үш пышақ және бір ара табылды",– дейді жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Мұратбек Жәшібай.

Жыл басынан бері киелі жануарларды заңсыз аулауға қатысты 11 дерек тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу