Ақтөбе облысында киіктің өлекселері табылды

485

Ол Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округінің аумағы  мен Қостанай облысымен шекаралас жерде,яғни Торғай өзенінің бойында анықталған. 

Ақтөбе облысында  киіктің өлекселері  табылды Фото: Ақтөбе облыстық аңшылық инспекциясы

Бұл туралы Ақтөбе облыстық аңшылық инспекциясы хабарлады.

- Аумаққа шұғыл түрде табиғат қорғау мекемелерінің, құқық қорғау органдарының өкілдері барып, анықтады. Өлексенің 14-і  Ақтөбе облысы аумағына тиесілі. Оның 11 басы - аталық, қалғандары - аналық. Жануардың өлекселерін өзеннен жинап алып, жерге көміп, жойды- делінген  инспекция таратқан ақпаратта.

Ақтөбе облыстық аңшылық инспекциямы жануарлар  өзеннен өткен сәтте бір-бірін  таптап, өлген деген тұжырым жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу