Хромтау қаласында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген ер адам ұсталды

366

Қазан айында бейнебақылау камералары арқылы мүлікті қасақана бүлдіру дерегі тіркелген.

Хромтау қаласында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері 12 қазанда көшеде ер адамның қоқыс жәшігіндегі қоқысты қасақана төгіп,  жәшікті сындырғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға түнгі мезгілде Хромтау қаласындағы қонақүйдің қасында болған.  Полиция құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады.

Қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген Хромтау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып (ҚР ӘҚБтК 127-1-бабы).

Нәтижесінде сот шешімімен жігіт кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу