Ақтөбе облысында көмірсутек қорларының жаңа көздерін анықтау үшін геологиялық барлау жүргізіледі

155

Геологиялық барлау жұмыстарына салынатын жалпы инвестиция көлемі – 3,5 млрд теңге.   

Ақтөбе облысында көмірсутек қорларының жаңа көздерін анықтау үшін геологиялық барлау жүргізіледі Фото: «EQ»

Энергетика министрлігі, QazaqGaz және СНПС-Ақтөбемұнайгаз 3,5 млрд теңгелік келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысындағы "Северный-1" жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, "QazaqGaz" басқарма төрағасының орынбасары Асылжан Даулетов және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" бас директоры Жу Шитао қол қойды.

"Келісімшарт аясында 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз және тәуелді іздеу ұңғымаларын бұрғылау көзделген. Геологиялық барлау жұмыстарына салынатын жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды. Құжат геологиялық барлау жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Учаске көмірсутек қорларының жаңа көздерін анықтау тұрғысынан жоғары әлеуетке ие", – делінген хабарламада.

Бұл келісім мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылдың бірізді дамуын көрсетеді. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен кеңейтуге тараптардың өзара мүдделілігін растайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу