Ақтөбе облысында жүргізушілерге сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды

128

Полицейлер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автотұрағында 47 жастағы әйелді ұстады.  

Ақтөбе облысында жүргізушілерге сақтандыру полисін заңсыз рәсімдеген әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Тексеру нәтижесінде аталған азаматшаның шетелдік есепте тұрған көлік құралдарына сақтандыру полистерін заңсыз рәсімдеу қызметін көрсеткені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған полистер сақтандыру жағдайы туындаған кезде заңды күші болмаған.

Сонымен қатар күдіктінің көлік құралын басқару құқығын беретін өзге де құқық белгілейтін құжаттарды заңсыз дайындағаны мәлім болды.

Күдіктінің автокөлігін тінту кезінде полиция қызметкерлері медициналық анықтамаларды, жүргізуші куәлігін алу үшін оқу курстарынан өткені туралы куәліктерді, сондай-ақ нотариустың мөр таңбасы қойылған толтырылмаған бланкілерді тәркіледі.

"Күдіктінің ұсталуына жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушілердің бірінің сақтандыру компаниясына жүгінуі себеп болған. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін күдікті әйелден 3 ай мерзімге сақтандыру полисін рәсімдегені, алайда сақтандыру төлемін алу кезінде құжаттың жалған екені анықталған", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу