Ақтөбе облысында қызды құтқарамын деп ажал құшқан жігіттің артында 6 баласы қалды

761

Қаза тапқан Н.Бердіғалиев Ақтөбе облысы Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбе облысында қызды құтқарамын деп ажал құшқан жігіттің артында 6 баласы қалды Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Н.Бердіғалиев 2017 жылдың қыркүйек айында Жарлы ауылына қоныс аударып, спорт жаттықтырушысы қызметін бастады.

– Сол уақыттан өмірінің соңына дейін 40-қа жуық Республика, облыстық деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындады. Сонымен қатар 20 шәкірті Қазақстан Республикасының "Спорт шеберлігіне үміткер" нормативін орындады. Оның артында 6 баласы қалды, – делінген хабарламада.

17 маусымда Байғанин ауданына қарасты Көлтабан ауылдық округіндегі Жарлы ауылында, үй ауласында орналасқан тереңдігі шамамен 10 метр, қоқысқа толы құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кеткен.

Жеткіншекті құтқармақ болған 38 жастағы ер адам құдыққа түскен, алайда қайта шыға алмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу