Ақтөбе облысында қой суаруға барған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға 31 мамыр күні Темір ауданы Шұбарқұдық кенті маңындағы Ойыл өзенінде болды. Жасөспірім мал суаруға барған.
"2009 жылы туған жасөспірім отбасымен бірге мал суаруға шыққан. Жасөспірім қойдың артынан суға кіріп, батып кеткен. Бұл оқиға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың және балаларға жүзуді үйретудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналар мен ауыл тұрғындары қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстауы қажет", - деп хабарлады облыстық ТЖД.