Ақтөбе облысында мектеп автобусы жол апатына түсіп, жүргізушісі қайтыс болды

560

Бұл туралы Polisia.kz телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Ақтөбе облысында мектеп автобусы жол апатына түсіп, жүргізушісі қайтыс болды Фото: polisia.kz

"28 желтоқсан кешкі уақытта Ақтөбе-Астрахань автожолында ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші реттік жолдан шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. 
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу