Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметте 200-ге жуық маман жетіспейді

745

Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін 100 адамның алпысы арнайы сынақтан өтпей қалған

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметте 200-ге жуық маман жетіспейді

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер жетіспейді. Бүгінде әр салада 200 маманның орны бос тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Мысалы, 1098 рет жарияланған конкурстың жартысына жуығына бірде-бір үміткер қатыспапты. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін 100 адамның алпысы арнайы сынақтан өтпей қалған. Көбі өз қызметіне қатысты заңнамаларды білмейді.

Жалпы, осы жылдың өткен мерзімінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 мың заңбұзушылық тіркелген. Бұлар – негізінен қажетсіз құжаттарды сұрату және құжат рәсімдеу мерзімін негізсіз созу деректері. Арнайы тексеру кезінде 18 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ісі облыстық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

 "2018 жылдың бірінші жартыжылдығында әдеп жөніндегі кеңеспен 5 отырыс өтті, онда 29 іс қаралды. Оның 10-ы – тіртіптік істер, 10 тәртіптік істің бесеуі әдеп нормаларын бұзу болса, бесеуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар. Осы 10 тұлғаның төртеуіне сөгіс, алтауына мемлекеттік қызметке толық сәйкес емес деген тәртіптік жаза ұсынылды", - дейді әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамгүл Бейбітова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу