Отырыс кезінде әйел ер адамның телефонын ұрлап, кейін әйелдер бөлмесіне шығуға сылтау тауып, жәбірленушінің есепшотынан өзінің танысының шотына 840 мың теңге аударған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақшаның жоғалғанын ер адам келесі күні, есін жиып, банктегі есепшотын тексерген кезде бір-ақ білген. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.
Күдікті аударылған ақшаны өз қажетіне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу