Ақтөбе облысында Ресейден жеткізілген вейп өнімдері тәркіленді

90

Оның жалпы құны – 26 млн теңге.  

Ақтөбе облысында Ресейден жеткізілген вейп өнімдері тәркіленді Фото: pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Шекара қызметі бірлесіп, вейп өнімдерін заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі "Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде ұсталған. Тексеру барысында заңмен тыйым салынған темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды, атап айтқанда: 13 мың электронды тұтыну құрылғы (вейп), 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық және 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері тәркіленді.

Аталған факті бойынша ұсталған екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылып, олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылдан бастап Қазақстанда вейп өнімдерін заңсыз сатуға, тасымалдауға және жарнамалауға тыйым салынған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу