Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатына түсті

648

5 адам Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатына түсті

Кеше "Рено-Логан" жеңіл автокөлігін тізгіндеген Тәжікстан азаматы Арал қаласынан Хромтау қаласына қарай Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында келе жатып, жүк көлігімен соқтығысқан. "DAF" жүк автокөлігінің рөлінде де шетелдік – Түркия азаматы болған.

"Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде "Рено-Логан" автокөлігінің жүргізушісі және 4 жолаушы Ырғыз ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу