Ақтөбе облысында сұйытылған газ саудасында заң бұзушылықтар болған

798

"Бармақ басты, көз қысты" әрекеттерді монополияға қарсы мекеме анықтады. 

Ақтөбе облысында сұйытылған газ саудасында заң бұзушылықтар болған

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп, 2019 жылы сауда биржаларында сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгіленгенін анықтаған. Сонымен қатар кейбір газ желісі ұйымдары бағаны өзара келісіп, қойып отырған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлағандай, бұл деректер бойынша әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылданады. "Ақтөбемұнайгаз СНПС" онымен келіспей, Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық сотына шағымданған. 2021 жылғы 29 қазанда аталған сот арыз берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартады. Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеген.

Сондай-ақ 2021 жылы "ЖҚС-Лидер" ЖШС газ желісі ұйымының қызметіне жүргізілген тексеру барысында жекеменшік ЖҚС иелеріне сұйытылған газды сатудан бас тартқаны анықталады. Ұзақ сот талқылауларынан кейін құқық бұзушылық фактісі алдымен экономикалық сотта, содан кейін әкімшілік сотта расталып, "ЖҚС-Лидер" ЖШС-не 5 300 000 теңге айыппұл салынған, қазіргі күні айыппұл толық төленіпті. 

Ал биыл "АЗС-Лидер" және "Еламан" ЖШС газ желісі ұйымдарына қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша осы кәсіпорындардың іс-әрекеттерінде бағалық сөз байласу фактілері анықталып, олардың екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгілі болғандай, "ЖҚС Лидер" компаниясына 1 800 000 теңге айыппұл салынып, 2 200 000 теңге монополиялық табысы тәркіленген. "Еламанға" 2 000 000 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдар төленіп, монополиялық кіріс толығымен бюджетке салынған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу