banner

Ақтөбе облысында төрт жоғары оқу орнына мина қойылды деген ақпарат тарады

871

31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облысының қалалық ішкі істер басқармасы электронды поштасына жоғары оқу орындарына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысында төрт жоғары оқу орнына мина қойылды деген ақпарат тарады

Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі мен саперлер тобы барып, ғимараттарда жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілді.  

Студенттер, мұғалімдер эвакуацияланды. БҚММУ, Жұбанов атындағы АМУ, М.Бөкенбаев атындағы АӘБП және АӘБ оқу орындарынан жарылғыш құрылғылар табылмады.

"Терроризм актісі туралы жалған хабар тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу