banner

Ақтөбе облысында түйеге соғылған көліктегі 2 адам қайтыс болды

476

Бұл дерек Бейнеу ауданы Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде  ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. 

Ақтөбе облысында түйеге соғылған көліктегі 2 адам қайтыс болды Фото: Экспресс К

Ақтөбе облысында "Lada Xray" автокөлігі түйеге соғылып, 2 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай "Бейнеу – Шетпе" республикалық маңызы бар тасжолдың 93-шақырымында орын алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, "Lada Xray" автокөлігі жол бойында екі түйеге соғылған. Жол апатынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу