Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шықты

795

Өрт орнынан ер адамның мәйіті табылды.

Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шықты

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында түнде болған өртте бір адам көз жұмған. 38 жастағы ер адамның денесі өрт сөндірілгеннен кейін табылды. 

Үш қабатты үйдегі өрт алдымен бірінші қабатта тұтанып, содан кейін жоғарғы қабаттарды шарпыған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметінің 4 көлігі мен 12 қызметкері тілсіз жауды бір сағат ішінде ауыздықтаған. Оқиға орнынан 14 адам құтқарылады, оның ішінде 4-еуі кішкентай бала. Алыстан уланған 24 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілген. Алайда өрттен кейін тұрғын үйдің ішінен ер адамның мәйіті анықталған.

"Қазіргі күні өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталуда", – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу