Ақтөбе облысында ұяшықты бетон кірпіш шығаратын цех іске қосылды

980

Ақтөбе облысында ұяшықты бетон кірпіш шығаратын цех іске қосылды

Биылдан бастап Қарғалыдағы цех Ақжар, Қызылжар, Қарғалы және Украинка елді мекендерін құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін болады, деп хабарлады "Даму" қорының баспасөз қызметі

Цехта бір күнде 60 шаршы метрге дейінгі көлемде кірпіш шығады. 

"Цехты іске қосу үшін біз кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, "Даму" қоры арқылы жүзеге асырылатын бағдарламалар туралы толық және нақты ақпарат алдық. Шикізатты жергілікті тауар өндірушілерден аламыз. Ал технологиясын Барнауылдан әкелдік (РФ). Дайын тауарды тұрғындар бөліп төлеу арқылы да ала-алады", –  дейді директор Арайлым Нагмидинова.

Ұяшықты бетон кірпіштерінің ерекшелігі – ылғал өткізбейді және жылу сақтап тұрады.

Қазір мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жеңілдіктерді пайдаланып жүрген жергілікті кәсіпкерлер саны күн санап артып келеді, деп хабарлады "Даму" қоры.

"СтройдворЖилянка" ЖШС Центр Кредит Банктің "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы арқылы 14% несие алып, "Даму" Қорының кепілдендіруі мен 10%-дық субсидиялау қолдауын пайдаланып отыр. Нәтижесінде кәсіпкердің банкке төлемі тек қана 4% құрайды.

"Ол кәсіпкерлердің ішінде әйелдер де белсенді қатысуда. Оларға "Кең Дала" және "Ақтөбе Жасстарт" секілді жергілікті бағдарламалар аясында көмек көрсетіліп келеді. Бұл өндіріс орындары тұрғындарды әрдайым жұмыспен қамтып отырады. Мемлекет жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекелестікке қабілетті өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындарды ерекше қолдайды", – дейді кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшісі Мейірхан Жанкелдіұлы.

Жаңа цехта жергілікті 8 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу