Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

169

Мемлекетке ірі мөлшерде 91 млн теңгеден астам залал келтірілген.    

Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды Фото: t.me/GenPr

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді жұмсалу заңдылығын тексеру барысында аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, "Томирис-2019", "Мартук-2030" және "Тенге-2030" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде 91 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Құсмағамбетова сотқа берілді.

Мәртөк аудандық сотының үкімімен Д.Құсмағамбетова кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған адамның кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу