Ақтөбе облысында жер қойнауын бүлдірген компанияға айыппұл салынды

212

Мұғалжар ауданында жер қойнауын пайдаланушылар жер заңнамасын өрескел бұзған.  

Ақтөбе облысында жер қойнауын бүлдірген компанияға айыппұл салынды Фото: gov.kz

Заңбұзушылықтар ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеке серіктестік лицензиясы мен жер учаскесіне қатысты құжаттарсыз жер қазу жұмыстарын жүргізген. 

"Кен орнында шамамен 10 гектар аумақта, тереңдігі 5 метрге дейін жететін көлемді жұмыстар жүргізілген. Бұл ретте топырақ жамылғысын сақтау талаптары сақталмаған. Құнарлы топырақ қабаты алынбай, құрылыс құмымен араласып кеткен. Бұл оның жойылуына әкеп соқтырған. Мамандар мұндай жерлерді қалпына келтіру көп уақыт пен шығынды қажет ететінін айтады. Сонымен қатар, кен орнына апаратын жол заңсыз түрде шамамен 1 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер арқылы төселген болып шықты", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша ЖШС-нің жерді бүлдіру әрекеті жан-жақты сараланып, заңды тұлғаға 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу