Ақтөбе облысында 73 жастағы жоғалған әжей табылды

256

Кейуананың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарлама 16 желтоқсанда түскен.  

Ақтөбе облысында 73 жастағы жоғалған әжей табылды Фото: polisia.kz

Ырғыз ауылының тұрғыны түскі уақытта үйінен шығып, қайтып оралмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауа райының қолайсыздығы мен температураның төмендеуін ескеріп, полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел түрде іздестіру топтары құрылып, барлық полиция нарядтарына бағдарлау хабарламалары жолданды, елді мекен аумағы мен оған іргелес аумақтар толықтай тексерілді.

Жан-жақты және үйлестірілген іздестіру шараларының нәтижесінде бір сағат ішінде жоғалған егде жастағы әйел аудан орталығынан 10 шақырым жерден табылды.

Ауа температурасының төмендеуіне қарамастан, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген.

Медициналық тексеруден өткізу үшін кейуана Ырғыз аудандық ауруханасына зембілмен жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу