banner

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

522

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі мәлім етті.

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты Фото: polisia.kz

"22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу