Ақтөбе облысында жүкті әйел ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

116

1994 жылы туған әйелге шұғыл медициналық көмек қажет болған. 

Ақтөбе облысында жүкті әйел ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді Фото: видеодан алынған кадр

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді Ақтөбе облысының Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласына шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санитарлық рейс "Қазәуеқұтқару" әуе кәсіпорнының ЕС032 тікұшағымен орындалды.

Ұшуды кәсіби ұшқыштар мен санитарлық авиация дәрігерлері жүзеге асырды. Дәрігерлер пациентке жол бойы қажетті медициналық көмек көрсетіп отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу