Ақтөбе облысындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

556

Аймақта коронавирусқа қарсы күреске 5 млрд теңге бөлінді.

Ақтөбе облысындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин COVID-19 індеті таралуының алдын алу үшін қомақты қаржы бөлініп, дәрі-дәрмек қоры жасақталғанын мәлім етті. 

"Індеттің екінші толқынына жол бермеу үшін алдын алу шараларын қолданып отырмыз. Осы уақыт аралығында коронавируспен күреске шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін бөлінген 3,4 млрд теңгеге ауруханаларға керекті материалдар мен дәрі-дәрмек алдық. Дәріханаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Керек кезде дәрі-дәрмек ала алмаған тұрғындардың өкпе-реніші көп болған еді. Сондай жағдай қайталанбас үшін өз қорымызды құрып, жеке дәріханаларға керек болған кезде 550 млн теңгеге дәрілерді жеткізу үшін дайындық жасадық", – деді Оңдасын Оразалин. 

Өңір әкімінің айтуынша, қажет болған жағдайда Ақтөбе облысында 3600 төсек-орын пайдалануға дайын. Оның 400-і реанимациялық орын. Облыста оттегі және медициналық аппараттар жеткілікті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу