Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінде қалды

564

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінде қалды Фото: baq.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған болатын. 

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген. 

Білімі:

1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген , құқықтанушы.

1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.

Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. 

Еңбек жолы:

1988-1991 жж. – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991-1994 жж. – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.  

1994-1996 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық  факультетінің аға оқытушысы,  деканының орынбасары.

1997-1999 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999-2001 гг. – "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры

2001-2006 жж. – Қарағанды облсы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.  

2008-2017 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.  

2017 жылдың наурызынан – 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Маңғысиау облысы әкімі. 

2019 жылдың 16 қыркүйегінен – 2020 жылдың 11 ақпанына дейін -  Қазқастан Республикасы кәсіподақ федерациясының төрағасы.  

2020 жылдың 11 ақпанынан 2022 жылдың 31 тамызына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу