Ақтөбе облысының бүгін тағайындалған әкімі жұмысына кірісіп кетті

1438

Әкім полиция департаментіне, білім басқармасына және аудан әкімдіктеріне тапсырма берді.

Ақтөбе облысының бүгін тағайындалған әкімі жұмысына кірісіп кетті

Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда алдын-алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға күш қолданып жатқаны туралы видео таралып кеткен еді. Ондағы оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Бадамша ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында орын алған. Оқиғадан кейін тәрбиеші  жұмыстан шығарылып, балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылған болатын. 

Ақтөбе облысының әкімі полиция департаментіне бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Ал білім басқармасына және аудан әкімдіктеріне мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін, облыстың барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінде барлық қажетті шараларды қабылдауды, тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, болған оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін, ҚР Қылмыстық кодексінің "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу туралы міндеттемесін орындамау" туралы 140-бабының 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу