Ақтөбе облысының экономикасы бес пайызға өсті

2000

Ақтөбе облысының экономикасы бес пайызға өсті

Ақтөбе облысының экономикалық өсімі биылғы жылдың тоғыз айында бес пайызды құрады. Бұл туралы Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Елбасының өңір халқының әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындай отыра экономика өсімінің бес пайызға өсуіне қол жеткіздік. Оң динамика барлық секторларда қамтамасыз етілген", - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сонымен, өндірістік өсім 4,7% құрап, жалпы алғанда 1077 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. 9,1% деңгейді құраған өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша Ақтөбе облысы Қазақстан бойынша көш басында тұр.

Өңір сондай-ақ, облыс экономикасына тартылған инвестицияның есептік кезеңінде 21,1% өскен (268 млрд теңге), нақты көлемінің индексі бойынша да көшбасындағылардың бірі.

Ауыл шаруашылығының жалпы көлемінің өсімі 3,9% (145,5 млрд теңге), әрекет ететін ШОБ субъектілерінің саны 10,9% (50,7 мың бірлікке дейін), бөлшек сауда айналымы 7,9% қамтамасыз етілген.

Құрылыста жұмыс көлемінің өсімі 10,3% құрап, 390 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Облыстың салық салу негізі де артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда көлем 72,5 млрд теңгені құрап, 7% өсті.

Экономика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыспен қамтуды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде. 15,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл соңына дейін 1,3 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу