Ақтөбе облысының үш ауылына газ келді

1565

Биыл барлығы 14 елдімекен газбен қамтылмақ. 

Ақтөбе облысының үш ауылына газ келді

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының үш ауылына газ жеткізілді. Енді Шеңбертал, Құрылыс және Ақши ауылдарының екі мыңнан астам тұрғыны көгілдір отын игілігін көрмек, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін шалғай ауданда газ тек екі ауылда ғана болған. Биыл пайдалануға берілген 31 шақырым газ құбырына 328 млн теңгеден астам қаражат бөлініпті. 

"Бұрынғы бейнеттен құтылғанымыз өз алдына, біз үшін бүл өте тиімді болып тұр. Бұрын жыл сайын қыстыгүні 200 мыңдай ақшамыз көмір сатып алуға кететін",– дейді Құрылыс ауылының тұрғыны Шамшат Айтпамбетов. Белгілі болғандай, бұған дейін тұрғындар жылына 5-6 тонна көмір жағып келген, ал биыл Қарағанды көмірінің әр тоннасы шамамен 25-26 мың теңгеден сатыла бастапты. 

"Қазіргі таңда Ырғыз ауданында Құтикөл ауылын газбен қамту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүгізіліп, тағы үш ауылға газ беру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биыл Ақтөбе облысында барлығы 14 елді мекенге газ  кіргізілмек",– деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу