Ақтөбе – Орынбор әуе рейсі қайта жанданады

87

 2013 жылдан бері орындалып келген рейстер пандемия алдында тоқтатылған еді.

Ақтөбе – Орынбор әуе рейсі қайта жанданады Фото: polet.me

Жоспар Орынбордағы ресейлік және қазақстандық тараптардың кездесуінде талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Тікелей рейс сапар уақытын бір сағатқа дейін қысқартып, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Орынбор әуежайында жаңа терминалдың ашылуы жоспарланып отыр.

– Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында Орынбор-Ақтөбе бағытын жандандыруды ұсынамыз. Біз бұл сұрақты талқылауға дайынбыз. Сондай-ақ форум, этномәдени және гастрономиялық іс-шаралар өткізуге ниеттіміз, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу