Ақтөбе рельстері Ресейге тасымалданады

737

Ақтөбе рельстері Ресейге тасымалданады

Қазақстан темір жолы мен Ресей темір жолы арасында екіжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде Қазақстан-Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ХІХ отырысы өтті. Отырысқа ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов қатысты. Ресей тарапы алдымен Ақтөбе рельс-арқалық зауытына барып, өндіріс орнымен танысты. Сол кәсіпорында "Қазақстан темір жолы" АҚ мен "Ресей темір жолы" ААҚ арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта Ресей темір жолға жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. Содан кейін Ақтөбеде шығарылатын рельстер Ресейге тасымалданатын болады. 

Айта кетейік, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты 2018 жылы толық қуатпен жұмысқа кіріседі. Мұнда жылына 430 мың тонна илек шығарылады, оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған рельстер де бар. 2017 жылдың 9 айында кәсіпорында 31,2 млрд. теңгеге 116,4 мың тонна рельс шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары - "ҚТЖ" ҰК" АҚ, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және өзге де елдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу