Ақтөбе – Ташкент әуе рейсі ашылады

373

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады.  

Ақтөбе – Ташкент әуе рейсі ашылады Фото: facebook.com/centrumairlines

2026 жылдың 2 тамызынан бастап Ақтөбе – Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейстері ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Centrum Air әуе компаниясы Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдан Өзбекстан астанасы Ташкентке тұрақты тікелей рейстерді іске қосады", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, рейстер аптасына екі рет орындалады. Жаңа әуе бағыты Орталық Азиядағы ең көрікті қалалардың бірі саналатын Ташкентке туристік және іскерлік мақсатпен баруды едәуір жеңілдетеді.

Қазіргі уақытта Centrum Air Қазақстанда Ташкент – Қостанай бағыты бойынша да рейстер орындайды. Centrum Air – Өзбекстандағы ең ірі жеке әуе компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу