Ақтөбе жастарына арнап баспана бағдарламасы қолға алынбақ

827

Ақтөбеде жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарламасы қолға алынғалы жатыр.

Ақтөбе жастарына арнап баспана бағдарламасы қолға алынбақ

 Ол үшін облыс әкімдігі мен "Отбасы банкі" АҚ тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие беруге қаражатты бірлесіп бөлу туралы келісімге қол жеткізді. Бағдарламаға 35-ке дейінгі және 35-ті қоса алғанда жастар қатыса алады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Ақтөбе – мүмкіндіктер мекені" атты жастар форумында сөйлеген сөзінде: "Бұл бағдарлама жастардың тиімді шарттармен несие рәсімдеп, пәтер сатып алуына мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушылардың санаттары өңіріміздегі жастардың белсенді өкілдерімен бірге қарастырылып, бекітілетін болады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу