Ақтөбе жылыжайлары өңір сұранысының 85 пайызын қамтамасыз етеді

1226

Ақтөбе жылыжайлары өңір сұранысының 85 пайызын қамтамасыз етеді

Ақтөбе жылыжайларында өсіріліп жатқан қызанақ өңір сұранысының 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бірер жылда жылыжай кешендерінің аумағы кеңейіп, сұраныс толық өтеледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбедегі "Greenhouse Kazakhstan" ЖШС-нің жылыжайы сәуірде іске қосылып, 2,5 мың тонна қызанақ сатуға шығарылды. Өнімнің тең жартысы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бөлініп, өзгесі Ресейге экспортталып жатыр.

"Ақтөбе облысының әкімдігі, "ҚазАгро" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігімен арадағы меморандум аясында "Greenhouse Kazakhstan" ЖШС аумағы 100 гектар болатын жылыжай салуы тиіс. Қазіргі уақытта жылыжай аумағы — 9,5 гектар. Алдағы уақытта 20 гектарға жеткізіледі. Ультраклимат технологиясы бойынша жабдықталған жылыжай еліміз бойынша жалғыз. Дүниежүзінде мұндай жылыжай аумағы 200 га болса, оның 2,5 гектары Ақтөбеде орналасқан. Бұл технолгия көкөністің жақсы өсуіне септігін тигізеді. Бұрынғы жылыжайлар жазда қатты ыстық болатын, ал жаңа технологиямен салынған кешенде жыл бойы 24 градус жылылық сақталады", — деді жылыжай кешенінің атқарушы директоры Мақсат Бектаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу