Ақтөбеде "ДАИШ" террористік ұйымын қолдауға үгіттегендер ұсталды

633

Ақтөбеде "ДАИШ" террористік ұйымын қолдауға үгіттегендер ұсталды

ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар табылды", - дейді комитеттің баспасөз қызметінен.

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар Қазақстанда тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу