Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция барысында 10 келі Альфа-PVP психотроптық заты тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді.
Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің "қоймашылары" ретінде жұмыс істеген.
Олар жеке үйді жалға алып, оны есірткіні өлшеп, буып-түю орнына айналдырған.
Үйді тінту кезінде психотроптық зат салынған бес пакет табылды. Ұсталғандар кінәсін мойындап, есірткі жасырылған орындарды көрсеткен. Нәтижесінде орман алқабынан тағы 10 пакет тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.
Оларға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.