Ақтөбеде 16 жастағы екі жасөспірім құрдастарын тонап, қамауға алынды

339

Олардан тоналған заттар толық тәркіленді.

Ақтөбеде 16 жастағы екі жасөспірім құрдастарын тонап, қамауға алынды Фото: gov.kz

Ақтөбеде көшеде екі кәмелетке толмағанды тонады деген күдікпен 16 жастағы екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар жәбірленушілерді күш көрсетеміз деп қорқытып, ұялы телефондары мен күртесін тартып алған.

Полиция мәліметінше, оқиға 1 қарашаға қараған түні облыс орталығындағы саябақтардың бірінде болған. Екі жасөспірім серуендеп жүрген құрдастарына шабуыл жасап, олардың заттарын ашық түрде иемденген.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел-іздестіру шаралары барысында ізін суытпай ұстады. Екеуі де Ақтөбе қаласының тұрғындары әрі жергілікті колледж студенттері екені анықталды.

Жасөспірімдер қылмыс жасағанын мойындаған. Тоналған заттар толықтай тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұл қылмыс үшін мүлікті тәркілеу және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу