Ақтөбеде 20-дан астам адам алаяқтың құрбаны болды

128

Ақтөбе қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды.

Ақтөбеде 20-дан астам адам алаяқтың құрбаны болды Фото: forbes.kz

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің "зейнетақы жинақтарының рейтингін көтеремін" деген сылтаумен азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Ол қызмет көрсету желеуімен жәбірленушілердің ұялы телефондарын алып, олардың жеке деректерін пайдалану арқылы микрокредиттік ұйымдарда несиелер рәсімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірнеше ай өткен соң азаматтар банктерден мерзімі өткен қарыздар туралы хабарламалар ала бастаған. Осыдан кейін олар қайтадан күдіктіге жүгінген. Алайда ол жағдайды өз пайдасына пайдаланып, олардың атына тағы да несиелер рәсімдеген.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 22 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 18 миллион теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды "рейтингті көтеремін, "несие тарихын тазалаймын" секілді күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Өз атыңыздан жүргізілетін кез келген қаржылық операцияларға мұқият болып, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеген жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу