Ақтөбеде 200-ден аса кәсіпкер заңсыз жауапкершілікке тартылған

345

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Ақтөбеде 200-ден аса кәсіпкер заңсыз жауапкершілікке тартылған Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстың мемлекеттік органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама нормаларының талаптарын сақтамағанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес міндетті медициналық сақтандыруды уақтылы төлеу туралы талаптарды бұзғаны үшін адамдар құқық бұзушылық жасалған күннен 2 ай өткен соң әкімшілік жауапқа тартылмайды.

Алайда, облыстың салық органдары Кодекстің 62-бабы 2-бөлігін қате қолданып, 200-ден астам кәсіпкерді әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен 2 ай мерзім өткеннен кейін әкімшілік жауапқа тартқан.

Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау фактілері бойынша салық органдарының 200-ден астам заңсыз әкімшілік қаулыларының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу