Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды

954

Ақтөбедегі бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары көшеде аяз болып тұрған кезде пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымданды.

Ақтөбеде -26 градус аязда 20-дан аса көпқабатты үй жылусыз қалды

Қаланы жылумен қамтушы "Aktobe su-energy group" АҚ "Ысырма клапандардың зақымдалуына және оны шұғыл ауыстыру қажеттілігіне байланысты Әбілқайыр хан даңғылы, М.Оспанов, Алдияров көшесіндегі 2-үй және Ғ.Жұбанова көшесіндегі 50-үйде ыстық су мен жылу беруді уақытша шектеу туралы" тұрғындарды құлағдар еткен.

Барлық жұмыстар таңғы сағат 4-те аяқталып, үйлерге жылу берілген. 

"Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді. Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде", - деді Ақтөбе облыстық әкімдігі аппарат жетекшісінің орынбасары Ержан Байтанаев.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу