Ақтөбеде 3 көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты

182

Жол апаты Ақтөбе қаласындағы көпір маңында болды.

Ақтөбеде 3 көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты Фото: instagram/aqtobe_sergek

Оқиға 5 желтоқсан сағат 22:00 шамасында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, "Lexus" көлігінің жүргізушісі алдындағы "Subaru" көлігін соққан. Соққының әсерінен жол бағытын өзгертіп кеткен "Subaru" қарсы бағытта келе жатқан "Chevrolet Cobalt" көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан "Subaru" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы 3 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу