Ақтөбеде 34 саябақ пен гүлзардың құрылысы басталды

1106

Ақтөбеде 34 саябақ пен гүлзардың құрылысы басталды

Ақтөбеде  34 жаңа саябақ пен гүлзар құрылысы басталды, деп хабарлайды khabar.kz. 

Жеңіс даңғылындағы жаяу жүргінші жолы мен асфальт жабындысы жөнделеді. Абай даңғылын қайта абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр.  Балалар ойын алаңы салынып, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік жасалады. 

Бұл шараларға жергілікті бюджеттен 130 миллион теңге бөлінген. Көпжылдық ағаштардың орнына 320 жас тал-терек отырғызылады. Биыл қала бойынша 200 мың шаршы метр жерді көгалдандыру жоспарда. 

"Өскен, үлкен ағаштар егіліп жатыр. Соның ішінде қылқанжапырақты және жай жапырақты ағаштар. Гүлзарларға біздің жоспар бойынша көпжылдық гүлдер отырғызамыз. Жылда егілмейтін болған соң жұмсалатын қаражаттың көлемі де азаяды", - дейді Ақтөбе қаласы ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу