Ақтөбеде 4 мыңнан астам адам жол қозғалысы ережесін бұзған

1067

Жаңа 2021 жылдың 2 аптасында өңірде 60-тан астам мас жүргізуші анықталды. 185 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 399 жаяу жүргінші жол қозғалыс ережесін бұзды.  

Ақтөбеде 4 мыңнан астам адам жол қозғалысы ережесін бұзған

Сонымен қатар, жылдамдық режимінің 1399 бұзылуы тіркелді. 12 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, өздерін және қозғалыстың басқа қатысушыларын қауіпке ұшыратты. 145 жүргізуші телефонды пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.

15 тәулік ішінде Ақтөбе облысында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 31 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, екі адам қаза тапты. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы болды, онда екі адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары көбінесе қарапайым жол ережелерін сақтамау салдарынан орын алады, ол азаматтардың өліміне немесе ауыр жарақатқа әкеп соғады

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу