Ақтөбеде 4 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

480

Анасы баласын көршісіне тастап кетіп, қайта оралмаған.  

Ақтөбеде 4 жасар баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Көршісі баласын тастап кеткенін әйелдің 9 сағаттан аса жоғалғанына алаңдап полицияға хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп, кейін оралмаған. Аталған мекен-жайға ювеналды полиция қызметкерлері жіберіліп, бала "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Бала шамамен 3-4 жаста, өзін Аңсар деп таныстырды. Егер баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз", – деді облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу