Ақтөбеде 8 қаржы пирамидасы анықталды

3272

Бүгінде полиция "ЦентрФинанс" және Unity компанияларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ақтөбеде 8 қаржы пирамидасы анықталды

Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбардтан" басқа тағы 8 қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгінде ол "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасына қатысты іс сотта қаралып жатқанын, оған қатысты шешім қабылдабағанын атап өтті.

"2021 жыл мен осы уақытқа дейін Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбардтан" басқа, тағы 8 қаржы пирамидасы анықталды. Олар – "ЦентрФинанс", "ХоумАвтоИнвест", Gold company LTD, "Выгодный депозит", Golden city 200, Unity, әлеуметтік желідегі "Зима", "Молшылық" чаттары", – деді Санжар Әділов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда "ЦентрФинанс" және Unity компанияларына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"Қалған істер бойынша күдіктілер сот алдында жауап берді", – деді Тергеу департаментінің басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу