Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдаманың әйнек бөлшегі құлап түсті

131

Үш әйел ауруханаға жеткізілді. 

Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдаманың әйнек бөлшегі құлап түсті Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 сәуір кешке болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі “Золотой квартал” тұрғын үй кешені ауданында, Әлия Молдағұлова даңғылында аялдаманың шыны жабынына жарнама щитін орналастырып жатқан кезде құрылымның бір бөлігі құлап кетті. Қираған шатырдың бөлшектері үш әйелдің үстіне түсті. Олар автобус күтіп тұрған еді. 

“Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмйтін жұмысты орындау немсе қызметтерді көрсету факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу