Келіншектің өліміне қатысты күдікті ретінде бұрынғы күйеуі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға әкеліп соққан.
Десе де, полиция бұған дейін аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін нақтылады.
Күдікті 1995 жылы туған азамат болса, жәбірленушінің 2000 жылғы екені белгілі болды. Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұған дейін Ақтөбеде 26 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі неке сарайында өлтіріп кеткенін жазған едік.