Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны табылмай жатыр

172

Жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін орталықтың тұрғыны Айтжан Нағашыбай 4 ақпанда қашып кеткен.

Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны табылмай жатыр Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепте тұрған Айжан Нағашыбай бұған дейін де бірнеше рет қашып кетіп, табылған деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 2020 жылдың қазан айынан бастап сот шешімімен Айтжан Нағашыбай №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны. Диагнозы – Ғ20,8 (шизофренияның басқа түрлері-ред.) 2026 жылдың 4 ақпаны күні кешкі сағат 20:00-21:00 аралығында орталықтан өзі қашып кетті. Бұл алтыншы рет қашуы. Қашқан сайын құзыретті органдардың және орталық қызметкелерінің іздестіру шараларының нәтижесінде қайтарылып отырды. Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық криминалдық, участкелік полиция қызметкерлері, орталық қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу