Есболатовтар отбасындағы 5 баланы баспанамен қамту мәселесін Ақтөбе қаласы әкімдігі шешеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе әкімдігінде балалар қауіпсіздігі, арнайы мекемелердің жауапкершілігі мәселесі қаралды.
– 5 баланың тағдыры. Мәселені өздері жеткізіп отыр. 5 баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді біз қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы – 5 баланың болашағы. Егер заң бұзушылық болса, жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады, – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.
Еске салсақ, Есболовтар отбасындағы 5 бала қазір өздерін қолдаған еріктінің үйінде тұрады. Ал анасы Жұлдыз Тлеуф өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексеріліп жүр.