Патрульдік полиция қызметкерлері Shangan автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын жалған мемлекеттік нөмірімен басқарғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар жалған нөмірлердің автосалондағы өзге де көліктерге қолданылғаны белгілі болды. Тексеру нәтижесінде автосалон қызметкері бұл нөмірлерді көліктерді жуу және жұмыс барысындағы ішкі қажеттіліктер үшін пайдаланғаны анықталды.
Аталған автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Материалдар Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу